Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Көңiл тұрды алып-ұшып борандай…

Көңiл тұрды алып-ұшып борандай,
ғажап сәттер өте бердi оралмай.
Босатпадың құшағыңнан сен менi,
жайдары жаз болса дағы тоңардай.
 
Тоқта, самал! Сыбырлама, үндеме!
Сәулешiмнiң қара шашын үрлеме.
Арамыздан сөз түгел жел өтпестей,
құшақтасып, тұрдық болып бiр дене.
 
Асылыңды, айтшы, жаным жырласын,
керемет пе ең, құдiрет пе ең, сырласым?
Бiр құшаққа қалай сыйды, бiлмеймiн,
бұ дүнияға сыймай жүрген бiр басым…
 
02.08.1963

1 940 қаралды